Bugin
Фото: Ашық дереккөзден
Астанада мектеп оқушысы төртінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК-ға сілтеп.
Қазір оқушы ауруханада жатыр, жағдайы ауыр.
Оның мұндай қадамға не себеппен барғанын полиция анықтауда. Алайда зардап шеккен баланың туыстары мектепте буллинг болды деп есептейді.
Қолы, екі аяғы сынып, беліне зақым келген балаға ота жасалған.
"Оң аяғы, оң қолына ота жасадық. Бүгін таңертең жалпы палатаға ауыстырылды. Бала есін жиған соң ғана мән жайды ата-анасы бүгін біліп отыр, - деді Арслан Дүйсенбаев, №2 көпбейінді балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі
Ал баланың анасы Ләззат Рахмаш:
"Ердәулет деген бала, Аружан екеуі «мені боспасалаған» деді. «Оны әзірге айтпаймын» деді. Ал Ердәулет, Димаш, Әділет деген сыныбындағы бала мені дәретханада ұрып, «қоңырау болғанша сені өлтіреміз, полицияға береміз, әзір көресің, сабақтан шыққанда өлтіреміз» деп айтты дейді. Содан ашуланып кеттім де, қоңырау шалынды, ағылшын пәнінің мұғалімі кірді, сабақ бітейін дегенше, терезеге қарап отырдым, сабақ біткеннен кейін «өліп алайыншы, мыналар мені өлтіреді, полицияға беретін болды деп» секіріп кеттім» деді, - дейді анасы.
Қазір бұл іске қатысты полиция тергеуді бастаған.