Bugin
Фото: ашық дереккөз
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Дөненбаев ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын көтеруді ұсынды. Ол бағасы 500 теңге болуы керек екенін айтқан. Алайда депутаттың сөзі желідегі жұрттың ашуына тиді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Шынымды айтсам, нан бағасы өте арзан. Мен өзім ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісімін. Менің еккен бидайым қазір 100 теңгеден де өтпей жатыр. Сол үшін нанның құны кемінде 500 теңге болуы керек. Сонда біздің ауылдың жағдайы жақсарады. Мұны халықтың қалтасы көтереді.",- деді Мейрамбек Дөненбаев.