Bugin
Фото: ІІМ
Атырауда пәтер өртінен екі бала қайтыс болған. Қазір кісі өліміне күдікті ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
ПД мәліметінше, 25 сәуірде сағат таңғы 05:40 шамасында Индербор кентінде тұрғын үйдің пәтерлерінің бірі өртеніп жатқан хабарлама түскен.
Мәйіттер табылған соң аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнынан жанар май иісі бар құты қалдықтарын анықтаған. Ұсталған күдіктінің жанар май бекетінен бензин сатып алғаны анықталып отыр.
Ізін суытқан күдікті 31 жастағы жәбірленушінің танысы болып шықты.
"Қазіргі таңда күдіктіге қатысты басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату, екі немесе одан да көп адамды өлтіру, аса қатыгездiкпен, басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен, төтенше жағдай кезінде жасалған және жасөспірімдерді өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалып тергелуде. Аталған бап бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бас бостандығынан өмір бойына айыруға жазасы көзделген", - делінген ПД таратқан хабарламада.