Bugin
Фото: freepik.com
25 сәуірде Атырау облысы Индер ауданындағы бес қабатты үйдің пәтері өртеніп, екі баланың денесі табылған еді. 26 сәуірде таңғы сағат 3:30-да балалардың анасы да жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әйел терісінің 90-95 бөлігін күйік шалған.
Оқиға болған күні өрт сөндірушілер жатын бөлмеден 10 және 7 жастағы екі баланың денесін шығарды. Балалардың анасы мен 1994 жылы туған ер адам жансақтау бөліміне жатқызылған еді.