Bugin
Фото: pixabay
Ақтөбеде дәрігер әлеуметтік желіде жалған жарнамаға алданып, 46 миллион теңгеден айырылып қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Алаяқтар әлеуметтік желіде "Kaspi Profit" платформасының жалған жарнамасын орналастырған. Ал дәрігер жылтыр жарнаманың құрбаны болған.
Олар танымал банкирдің атынан ақшаны инвестициялауға да шақырады. Ақтөбелік дәрігер әйел жарнамаға сеніп, өз мәліметтерін берген соң Telegram желісі арқылы "Kaspi Profit" менеджері және қаржы талдаушысы ретінде таныстырған адам хабарласқан.
"Менеджер "RoseFinance" крипто платформасына ақша салып, одан жоғары пайызбен пайда табуға болатынына сендірген. Дәрігер қаңтар-сәуір айлары аралығында платформаға 46 миллион теңгеден астам ақша аударған. Бірақ ешқандай жоғары пайыз түспеді", - дейді полицейлер.