МӘДЕНИЕТ

Бүгін – қылқалам шебері Әубәкір Ысмайыловтың туған күні

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Фото: kino-teatr.ru

1910 жылы 30 сәуірде кескіндемеші, ұлттық кәсіби бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-нің халық суретшісі Әубәкір Ысмайылов дүниеге келді. Bugin.kz тілшісі Ұлттық кескіндеме өнерінің реалистік бағытындағы суретші туралы деректерді ұсынады.

Әубәкір Ысмайылов 1913 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол 1928 жылы Семей қаласынан алғашқы жылжымалы көрмеге қатысады. М.А. Врубель атындағы Омбы көркемсурет-өндірістік училищесінің көркемсурет студиясында оқиды.

Әубәкір Ысмайылов сурет салу өнері жайлы өз естелігінде былай деген:

"Мен сурет салуды өте ерте бастадым. Өзімді толғандырған образдарды бейнелеуге тырыстым. Солардың арасындағы ең сүйіктісі салт атты кісі (всадник на коне) немесе жылқылар – менің ерекше құмартқан тақырыбым еді. Мен олардың суретін барлық жерде, құмда, жартастарда және қағаз қиындыларына да салдым". 

Әубәкір Ысмайылов оқу бітіріп, "Еңбекші қазақ" газеті мен Петропавл қаласындағы өлкетану мұражайының суретшісі болды. Қазақстан Суретшілер одағы ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының суретшісі әрі режиссері қызметтерін атқарған.

Қылқалам шеберінің шығармашылық жолының бастауы Қазақстандағы бейнелеу өнерінің қалыптасу кезеңімен сәйкес келді. Ол – еліміздегі кәсіби көркемсурет мектебінің негізін салушылар Әбілхан Қастеев пен ағайынды Қожықовтар қатарында еңбек еткен суретші.

Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған.

Көрнекті кескіндемешінің стилі халық шеберлері туындыларымен астасып жатады.

Ысмайылов – "Көртоғай", "Хантәңіріндегі жайлау", "Шалкөде алабы" атты шығармалардың авторы.