Bugin

Өртенген мәйіттің күйік шалмаған саусағы арқылы күдіктілер анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Өртенген қамыс. depositphotos.com

Криминалист кісі өлтіру қылмысын өте сирек кездесетін әдіспен әшкереледі. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жылдың наурыз айында Ұлытау облысында қамыс арасынан ер адамның мәйіті табылған еді. Марқұмның денесі мен киімі толық өртеніп кеткендіктен оның жеке басын анықтау мүмкін еместей көрінген.

Оқиға орнына барған жедел тергеу тобының құрамында криминалист полиция майоры Дастан Мағзұмов болған. Мәйітті мұқият қарап шыққан полицей саусақтың күйік шалмаған бөлігін байқады. Бұл ер адамның жеке басын анықтауға көмектесті. Одан кейін тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар күдіктілерді таба алған. Қазір іске қатысы бар екі күдікті тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.