Bugin
Фото: видеодан кадр
Қарағанды облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
Оқиға 3 мамырда таңертең Шет ауданы, Ақсу ауылы маңындағы жолда болған. "Renault Magnum" жүк көлігі "Toyota Camry" көлігімен соқтығысқан. Салдарынан "Toyota Camry" жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы қаза тапты. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жатқызылды.
Полиция оқиға орнынан түсірілген видеоны көрсетті. Видеодан жүк көлігі бүйіріне аударылғанын және жеңіл көліктің қауіпсіздік жастықтары жарылғанын көруге болады.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қылмыстық істі қарау барысында оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жолда абай болып, жылдамдықты шектен асырмай, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар", - деді Қарағанды облысы жол полициясы басқармасының бірінші орынбасары Құрманғали Исмағұлов.
Оқиғаның видеосын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.