Bugin
Фото: Көлік министрлігі
Қостанай облысында санитариялық рейс бойынша ұшып шыққан Ан-2 ұшағы күрт төмендеп, суға қонуға мәжбүр болды, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы Көлік министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.
"Бүгін Арқалық-Ақсұңқар (Қостанай) рейсін орындаған №AK31224 Ан-2 санитариялық ұшағы сағат 16:10-да көкке көтеріліп, кейін күрт төмендей бастаған. Салдарынан ұшақ тоғанға қонуға мәжбүр болған", – делінген хабарламада.
Ведомство дерегінше, ұшақтың мемлекеттік тіркеу нөмірі UP-A0124. Ол "Навигатор" авиакомпаниясына тиесілі. Министрлік ақпараты бойынша, ұшақта 2 экипаж мүшесі мен 3 қызметкер жолаушы болған.
Оқиғаның видеосын осы сілтемеден көре аласыз.