Bugin
Фото: Stan.kz
Шенеуніктен "зорландым" деген әйел адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Адырна" ұлттық порталына сілтеп.
Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі көлемде ақша бопсалау ісі бойынша үкім шығарған. Себебі 39 жастағы келіншек өзін әкімнің орынбасары "зорлады" деп хабарлаған.
Істе жәбірленуші болып Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов танылған. Ол 39 жастағы павлодарлық әйелді өзін бопсалады деп айыптаған.
“Оны 194-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы (Бопсалау) бойынша кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айыру, жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтеу жазасы тағайындалсын», – деді сот Нұрлан Айтбаев.
Алқабилер "зорлады" деп әкімнің орынбасарын айыптаған әйелді бірауыздан кінәлі деп тапты.
“Ерекше күтімді қажет ететін балаңыздың бар екенін ескере отырып сот ең жеңіл жаза тағайындады”, – деді сот.
Бірнеше уақыт бұрын әйел адамның айтқанына қатысты іс басталып, артынша "зорлау" дерегі расталмаған. Сол себепті павлодарлық әйелдің ісі жабылған болатын.