Bugin
Фото: Оқиға орны. "Наша Газета" телеграм арнасы
Қостанай облысының Қарасу ауданында табиғаттың ерекше құбылысы байқалды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Наша Газета” телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қарасу ауданындағы егіс алқаптарының бірінде тұрғындар жер бетінде пайда болған үлкен шұңқырды байқаған. Аудан әкімдігі шұңқырдың табиғи әсердің салдарынан пайда болғанын мәлімдеді.
Әкімдіктің мәліметінше, ауыл шаруашылығы алқаптарында көлемі 3х4 метр, тереңдігі 10 метрге дейін жететін шұңқыр пайда болған.
Қарасай ауданының әкімдігі:
"2023 жылдың күзінен бері алғал ауа-райына, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынға, сондай-ақ биылғы су тасқынына байланысты жер толығымен қаныққан. Осыған байланысты жер асты суларының деңгейі көтеріліп, ішкі көшкін болды", -деп мәлімдеген.
Оқиға орнында түсірілген кадрлардан үлкен шұңқырдың ішінде шағын тесік пайда болғанын байқауға болады. Алайда ол шұңқырлар суреттегідден де тереңірек екен.