Bugin

Семейдегі орман өрті: кінәлілер жазаланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Абай облысы әкімдігі

Семейдегі орман резерватындағы өртке кінәлі деп танылған басшылық қызмет жазаланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz-ке сілтеп.

Орман өрті кезінде "Семей орманы" қорығы мен Жаңашүлбі бөлімшесінде басшылық қызмет атқарған В. және К. өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ,  сот оларды жағдайды дұрыс бағаламаған және 14 адамның өліміне әкеп соқтырған өртті сөндіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген деп таныды.

"Сот екі сотталушының жас балаларының болуы және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы түріндегі жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот В. мен К.-ны кінәлі деп танып, әрқайсысын жеті жылдан бас бостандығынан айырды", - деп хабарлады Абай облыстық соты.

Әлі үкімнің заңды күшіне енбегені айтылды.