Bugin

Қазақстан шетелдіктер үшін жаңа виза енгізеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay 

14 мамырда өткен үкімет отырысында ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев заманауи көшпенділер үшін виза енгізу жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ермек Маржықпаев цифрландыру және виза алу рәсімдерін жеңілдету арқылы визалық және көші-қон режимін жақсарту қажет екенін атап өтті.

"Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, шетелдік азаматтарға елде ұзақ мерзімді болу құқығын беретін қазіргі заманғы көшпенді визаны, жұмыс атауы - Neo Nomad Visa енгізу мәселесі қарастырылуда. Бұл шараны жүзеге асырудан күтілетін экономикалық нәтиже жыл сайын 3 миллиард теңгеден асады. Қазіргі уақытта Neo Nomad Visa жүйесін енгізу тетігі әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға жіберілді", - деді министр.

Оның мәліметінше, 2023 жылы Қазақстанға 9,2 миллион шетел азаматы келген, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Ел ішінде 9,6 миллионнан астам қазақстандық саяхаттаған. Бұл көрсеткіш 2022 жылдан 1 миллион адамға асып отыр.