Bugin

Бишімбаев жазасын қай түрмеде өтейтіні белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Telegram/Jogargy_sot

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова сот үкіміне қатысты шағым түсіретінін айтты. Олар айыпталушыға 24 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанына наразы. Енді адвокаттар сот шешіміне қарсылық білдірмек, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Иә, біз апелляцияға береміз. Әрине, біз үкіммен келіспейміз. Нақты жоспарымыз туралы айта алмаймын. Қолымызға тиісті құжаттарды алмадық. Біз оларды үкім жарияланғаннан кейін бес күннен кешіктірмей қабылдауымыз керек", - деді адвокат Orda.kz тілшісіне

Егер Қуандық Бишімбаевқа кесілген үкім өзгермесе, айыпталушы жазасын Аршалыдағы түрмеде өтейді.

Айта кетейік, Ақмола облысы Аршалы ауданында орналасқан Астана қаласы ҚАЖД-ға қарасты №2 мекемеде аса ауыр қылмыс жасағандар отырады.