Bugin

Ақтауда мектеп күзетшісі кішкентай баланы зорламақ болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Ақтауда мектеп күзетшісі кішкентай қызды зорламақ болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ата-аналар №10 мектептің күзетшісінен күдіктенген. Себебі телефон арқылы оларға күзетші туралы аудиохабарлама таратылған. Онда демалыс күндері мектептің ауласында кәмелетке толмаған қыздардың ойнап жүрген кезінде біреуін мектеп күзетшісі подъезге шақырған. Содан кейін ол қызды күзет үстелінің артына апарып, оған тиісе бастағанда бала қашып құтылғаны белгілі болды.

"Бұл сұмдық біздің мектепте болған. 52-53 жастағы ер адам мектептің кіре берісінде отырған. Қызды күзет бөлмесіне кіргізген. Баланың қалай құтылғаны белгісіз. Камера тұрса да осылай жасаған. Қызға тисіп, зорламақ болған”, – делінген ақпаратта.

Оқиғадан зардап шеккен қыздың анасы полицияға арыз түсірген. Артынша ақпаратты мектеп басшылығы да растады. Белгілі болғандай оқиға 12 мамыр күні орын алған.

"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", – делінген облыстық ПД хабарламасында.