Bugin

Екібастұзда баласын аштан өлтірген ана сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

8 айлық баланың анасы нәрестесін жеткілікті деңгейде тамақтандырмаған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға Екібастұз қаласының Шідерті кентінде болған. Әйел өзінен туған сегіз айлық балаға  немқұрайлы қарап, тамақ бермеген. Салдарынан бала аштан көз жұмған. 

Сотта әйел өз кінәсін толық мойындады және жасаған ісіне өкінетінін жеткізді. 

"Прокурор бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі жаза ретінде мемлекеттік айыптаушыны қолдады. Сотталушы оны бас бостандығынан айырмауды өтінді", - делінген хабарламада. 

Сотталушының жеке басы мен отбасылық жағдайын ескере отырып, сот оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.