Bugin
Фото: 24kg
Бішкекте әкімдік қызметкерлеріне жеке көлікпен жүруге тыйым салынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы vesti.kg-ға сілтеп.
Шенділерге қызмет көліктерін тек жұмыс уақытында ғана пайдалануға рұқсат беріледі.Мұндай бастаманы Бішкектің әкімі Айбек Джунушалиев көтерген.
Жаңа ережеге сәйкес әкімдік қызметкерлері аптасына екі рет автобуспен қатынауға міндетті. Елде әр шенеунік автобустың санитарлық тазалығын және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын бақылап, ай сайын есеп береді.
Қырғызстан билігі мұндай жаңашылдық кептелісті азайтып, қоғамдық көлікке сұранысты арттырады деп отыр.