Bugin

“Қазақстан үшін донормыз”: Құлсары халқы әкімдік алдына жиналды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақ Жайық

Құлсары тұрғындары аудан әкімшілігінің алдында түнеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап. 

Себебі тұрғындар үйге бөлінген қаржыны ақшалай алуды қалайды.

16 мамыр күні түнгі 12:00-ден кейін қалада интернет үзіліп, кейін мүлдем жоғалып кетті. Бес сағат интернет болмағаны анықталды.

Құлсарының кейбір аудандарында жарық жоқ. Барлық жерде полиция патрульдері қаптап жүр. 

Ал наразы халық сұраған өтемақыны төлесін деген сынды жазуы бар плакаттарды ұстап алған. 

“Жұмыс жүріп жатыр, бағалау нәтижелері 100-ге жуық үйге жіберілді. Заң бойынша қаражат шаршы метрге бөлінеді. 15 мамырда су тасқынынан зардап шеккендерді бағалау басталды. Бұл жұмыс бір апта ішінде аяқталады деп отырмыз. Енді бір шаршы метрдің орташа бағасы 200-ден 240 мыңға дейін болады деп шешілді. Бұл – жақсы баға", – деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов.

Дегенмен Құлсары халқы шаршы метріне 400 мың теңге деп ұрандатуда.

“Мені 197 шаршы метрлі үйім 13 миллион теңгеге бағаланды. Ал барлық тұрмыстық заттар – жиһаздар, тұрмыстық техника 600 мың теңгеге бағаланды. Мұның бәрі қалай бағаланды? Тоңазытқыштың өзі 300 мың теңге тұрады. Сондай-ақ кір жуғыш машина, газ плитасы, кондиционер... Осының бәрі шынымен 600 мың теңге тұрады ма?”, – деді тұрғын.

Тұрғындар микрофон алып, талапқа көшкен.

“Біз бүкіл Қазақстан үшін донор өңір емеспіз бе? Шынымен Атырау облысындағы мұнай бағасы шығынымызды өтей алмай жатыр ма? Осы өңірдің ресурстарына тек Астана салынды ма? Түркістан ше? Миллиардтаған сыйлықтарымыз есіңізде ме? Ал осының бәрі нашар экология, лас ауа? Апатқа ұшыраған шағын қала тұрғындарының шығынын өтей алмайсыз ба? Мүмкін бізді де ойлайтын кез келген шығар? Бізге бұл ақшаны беріңіз, сонда біз аяғымыздан тұрып, бұрынғы өмірімізді сүреміз, бізге басқа ештеңе керек емес!” – деп айқайлады құлсарылықтар.