Bugin
Фото: freepik.com
Түркістан облысында шаруалар банан піскенін айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Шаруалар жылыжайға былтыр егілген тропикалық ағаштың алғашқы жемісін жинап жатыр. 5 гектар алқапқа 8 мың түп банан егілген. Шаруалар мың тоннаға жуық өнім алмақ ниетте.
Жылыжайдың атқарушы директоры Ислам Алиев алдағы уақытта 5 гектар жылыжай соғып, авакадо, манго, ананс экзотикалық өнім шығару жоспарда бар екенін айтты.