Bugin
Фото: volontery_almaty_lider.kz Instagram
Алматы волонтерлері 12 мамыр күні жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылғанын әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жазбада 2002 жылғы азаматтың 12 мамыр күні Медеу ауданы, Думан ықшам ауданы, ҚР Тәуелсіздігіне он жыл көшесіндегі үйінен шығып қайтып оралмағаны жазылған.
Сондай-ақ, жас жігіттің денесі 18 мамыр күні табылғаны хабарланған.
Айтылған жағдайға байланысты Алматы қалалық полиция Департаменті қылмыстық іс қозғады.
"Үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған ер адамның мәйіті табылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.