Bugin

“Тарақан бар”: бетперде киген жігіт тағы бір отбасыны қуантты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Бетперде киген жігіт тағы бір отбасыны қуантты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оралдық жігіт әлеуметтік желіге видео жариялады. Ол 2 қызы бар келіншекке көмектесті. Келіншек еден жуушы болып жұмыс істейді. Кіші қызы эпилепсиямен ауырады. 

"Біз жертөледе тұрамыз. Бұл жерде көп қиындықтар болады. Ішіп алған адамдар кіріп кетеді. Ыстық сумен трубалар атылып кетеді. Тарақандар бар. Мен анама қандай қиын екенін түсінемін. Бірақ қолымнан ештеңе келмейді",- дейді 12 жастағы Кәусар.

Ол анасының намаз оқып, Алладан көмек сұрайтынын да айтты. 

Бетперде киген жігіт келіншектің кіші қызының еміне қаражат жинап берді және жаңа пәтердің кілтін ұсынды.