Bugin

"Бірге тұруға келіскен": 51 жастағы ер адам қыз баланы зорлаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фоо: ru.wikipedia.org

Павлодарда ер адам кәмелетке толмаған қыз баланы зорлаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz-ке сілтеп.

Облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында іс жабық есік жағдайында қаралды.

Өткен жылдың шілде айында ер адам кәмелетке толмаған қыз баланы зорлаған. Тергеу мәліметінше, кәмелетке толмаған қыз павлодарлық дәмханалардың бірінде тәжірибеден өтіп, ол жерде аспаз болып жұмыс істейтін ер адаммен танысқан.

Бірнеше уақыт өткен соң ер адам қызға бірге тұруға ұсыныс жасаған көрінеді. Ал қыз бала ұсынысты қабылдапты. Екеуі дастархан жайып, ішімдік ішкен. Артынша жәбірленуші ұйықтамақ болғанда, ер адам оны зорлаған.

"Жәбірленушіні өзінің достары зорланғанын айтып, көмек сұрағанын ұялы телефонындағы хабарламаларын көрсеткен. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді ", – деп атап өтті Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Құдабай Сұлтанов.

Сотта 51 жастағы ер адам өз кінәсін еш мойындамады. Ол қыздың кәмелетке толмағанын білмегенін айтты.