Bugin

Желіде кішкентай баланың балконға ілініп тұрған видеосы тарады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Әлеуметтік желіде жантүршігерлік видео тарады. Видеодан тұрғын үйдегі балконда кішкентай бала салбырап тұрғанын көруге болады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Оқиға Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Видеодан кішкентай баланың балконда ойнап тұрғанын, кейін салбырап тұрғанын көруге болады.

7-сынып оқушысы кішкентай баланы құтқарып қалды. 

"Ақан есімді жеткіншек жылдам қимылдап, 4-қабатқа көтеріліп салбырап тұрған баланы тартып алып шыққан",- деп жазылған видео сипаттамасында. 

Еске салайық, бұған дейін 36 жастағы келіншек анасын іздеп жүргенін хабарлаған едік.