Bugin

Талғар өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ©️ instagram/enbekshikazakh_audan_akimdigi

Алматы облысындағы Талғар өзеніндегі су деңгейі көтеріліп  кетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Талғар өзеніндегі су деңгейінің көбейіп, Ават ауылдық округінің аумағындағы өзеннің сол жағалауында орналасқан баламалы жолды шайып кетті.  Су деңгейінің көтелуінен жақын маңдағы карьерлерді су басу қаупі бар.

"Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Ескендірұлы Байедиловтың тапсырмасы бойынша Ават ауылдық округінің әкімі Момунжан Акваржанович Исламовтың ұйымдастыруымен су басу болдырмау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстар жүргізілді. Жұмыс барысында "АКНМ" ЖШС, "АсфальтоБетон" ЖШС, "ДСУ-13" АҚ "Хан Элит Строй" ЖШС мекемелерінен 12 адам және 8 бірлік арнайы техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта өзен арнасын тереңдету және нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Ават ауылдық округі әкімінің аппаратымен тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.