Bugin

Қазақ баласы Америкада нокаутпен жеңіске жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Батыр Жүкембаев инстаграм парақшасынан алынды

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Флоридадағы Плант-Ситиде шаршы алаңға шықты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жүкембаев украиналық Иван Редкачпен жұдырықтасты. Жартылай орта салмақтағылар арасындағы жекпе-жек  он раундқа жоспарланған болатын. Кездесуді Жүкембаев бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетіп аяқтады.

Батыр Жүкембаев кәсіби рингтегі 23-ші жеңісіне қол жеткізді. Иван Редкач мансабында жетінші рет жеңілді.