Bugin
Фото: depositphotos
Владимир Путин Украинадағы соғысты тоқтатып, бітімге келуге дайын, бірақ ол үшін орыс әскері қазіргі майдан шебінде қалуы керек, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы azattyq-қа сілтеме жасап.
Бұл туралы Reuters агенттігі ресейлік төрт дереккөзге сүйеніп хабарлады. Олардың сөзінше, егер Киев пен Батыс елдері осы шартқа келіспесе, Путин соғысты жалғастыруға дайын.
Reuters-тің жазуынша, Путин Украина билігінің "Кремль" шарттары бойынша келіссөз жүргізуге дайын емес екеніне наразылық білдірген. "Бұл әрекетті Батыс елдері қолдап отыр", - деп айтқан. Reuters-тің мәліметінше, Ресей президенті "соғысты уақытша тоқтатуға" дайын, бірақ одан әрі соғысуы да мүмкін.
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Reuters-ке Ресей "мәңгілік соғысты" қаламайтынын және өз мақсаттарына жету үшін келіссөздерге дайын екенін айтқан.