Bugin

“Бәріне шыдаймыз”: бетперде киген жігіт тағы бір отбасыны қуантты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Бетперде киген Оралдық жігіт тағы бір отбасыны қуантты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол әлеуметтік желіге видео жариялады. Бетперде киген жігіт Мұрат есімді 2 баланың әкесіне көмектесті. Мұрат және оның әйелі бірінші топтағы мүгедектер. 

"Менің арманым балаларымның жақсы тәрбиеленуі. Біз бәріне шыдаймыз",- дейді Мұрат.

Бетперде киген жігіт Мұрат пен әйелінің еміне қаражат ұсынды. Жаңа көлік пен үйдің кілтін берді. Сонымен қатар келіншегі екеуіне қажылыққа жолдама сыйлады.