Bugin

Жалқаулықтан қалай арылуға болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Жалқаулық – біздің өміріміздегі жақсылықтардың жақындауына ең басты кедергі келтіруші фактор. Оны мәпелеп алақанда ұстауға немесе ерік-жігермен жеңіп шығуға болады. Әр адам бойындағы жалқаулықты алдай алады екен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі дерек береді.

Қысқа уақытта аяқтайтын жұмыстан бастаңыз

Жалқаулықпен күресудегі ең қиыны – оның уысынан құтылу. Егер сіз бұрыннан аяқтауыңыз керек тапсырманы орындауға кірісе алмасаңыз, осы қарапайым әдісті қолданып көріңіз. Өзіңізге тек 10 минут жұмыс істейтіндігіңізді айтыңыз. Іске кіріспес бұрын таймер қоссаңыз да болады. Бірнеше апта кейінге қалдырып жүрген істердің көбі қысқа мерзімде орындалатын істер.

Егер, іс 10 минутта аяқталмаса да, адам ойын бір нүктеге жұмылдырып шаруаны аяқтап шыға алады. Ешнәрсе істемегенге қарағанда 10 минут болса да мақсатқа жету үшін тырмысқан тиімдірек.

Таңертең ең жеңіл істерді атқарыңыз

Көптеген мамандар таңертең қиын шаруаларыңызды жасап алуға кеңес береді. Алайда таңертеңгі уақытта ең қиын емес, ең жеңіл тапсырмаларды орындаған дұрыс. Таңертең күш те, мотивация да көбірек болады. Жеңіл істерді таңертең орындау арқылы адам шабыттанады. Келесі істерді бітіруге асығып, аяқтаған істерінен рахаттанады. Тұлғада мотивация артқан сайын қиын істерден де қорықпайды.

Жұмыс орныңызды өзгертіңіз

Кейде жалқаулықтан қарапайым шешіммен құтылуға болады. Үйде мүлдем жұмыс істей алмайтыныңызды байқасаңыз, жұмыс істеуге қолайлы ортаны іздеп көріңіз.

Атмосферасы сізді тынымсыз еңбек етуге шабыттандыратын орынды табыңыз. Мүмкін,сіздің өнімділігіңіз кафедегі атмосферада артар. Кітапханадағы тыныштықта немесе саябақта отырып жұмыс істеу сізге ұнайды. 

Серіктес табыңыз

Жалқаулығыңызды өзіңіз жеңе алмасаңыз, өзге адамдарды көмекке шақырыңыз. Жалғыз өзіңіз жасауға ерінсеңіз, жаттығу залына топтық жаттығуға жазылыңыз. Тіл үйренгіңіз келсе, оған да топтық үйрену курсына жазылыңыз. Бұл әдіс, әсіресе, әлеуметтік жауапкершілігі дамыған адамдарға жақсы көмектеседі.

Дереккөз: lifehacker.ru