Bugin
Фото: Тайланд. depositphotos.com
Тайланд үкіметі 36 елдің туристеріне визалық талаптар алынып тасталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Bangkok Post сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл бастама – корольдіктің туризм индустриясын дамытуға бағытталған шаралар кешенінің бір бөлігі. Тайланд үкіметінің өкілі Чай Вачаронның айтуынша, визасыз режимі бар елдердің тізімі 57-ден 93-ке дейін артып отыр.
Қазақстан визасыз режим енгізілген 36 жаңа елдің қатарына енді. China Daily басылымының хабарлауынша, тізімде Үндістан, Камбоджа, Лаос, Өзбекстан және басқа да елдер бар.
Тізімге енген ел азаматтарының визасыз Тайландта болу мерзімі 30 күннен 60 күнге дейін ұзартылады.
Үкімет виза алымынан түсетін кіріс шамамен 12,3 миллиард батқа (335 миллион доллар) азаяды деп болжам жасады. Дегенмен қаржы туризм индустриясынан түсетін кірістердің ұлғаюымен өтеледі.