Bugin

"ҚазМұнайГаз" компаниясына жаңа басшы тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:kmg.kz/press-center

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындысы бойынша Асхат Ғалымұлы Хасенов ұлттық компанияның Басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Асхат Хасенов еңбек жолын 2005 жылы "Торғай Петролеум" акционерлік қоғамы (Қызылорда) мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядтағы операторы болып бастаған.

2006 – 2010 жылдары "Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы" АҚ жетекші маман, бас маман, мұнай-газ кен орындарын игеру мониторингі бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, департамент директоры, вице-президент болып жұмыс істеді.

2011 – 2019 жылдары еңбек жолын ҚР Мұнай және газ министрлігінде жалғастырып, Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекция және рұқсат беру басқармасын, кейін мұнай-химия және техникалық реттеу департаментін басқарды.

2019 – 2022 жылдары "KLPE" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

"ҚазМұнайГаз" басшысы қызметіне тағайындалғанға дейін 2022 – 2024 жылдары аралығында ҚР энергетика вице-министрі болып қызмет етті.