Bugin

Марқұм Нүкенованың анасы жантебірентер жазба жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Instagram парақашадан алынды

Марқұм Салтанат Нүкенованың анасы Жұмагүл Нүкенова әлеуметтік желіде жантебірентер  жазба жариялады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол туған күнімен құттықтаған барлық адамға алғысын айтты.

"Әр жылы қызым ыстық тілегімен, гүл шоқтарымен құттықтайтын. Жыл сайын қызым мен ұлым Астанадан құттықтап келіп, тосынсый жасайтын. Өткен жыл мен осы жыл олай емес. Алдағы жылдары да мені Салтанат құттықтамайды. Барлығыңызға рақмет. Бүгін сіздердің жылы лебіздеріңіз арқылы Салта құттықтағандай болды", - деді ол.