Bugin

Әлемге ескерту: жаһандық жылыну құбылысы байқалып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

2023 жылы әлем халқы жаһандық жылыну басталғанға дейінгі жылдармен салыстырғанда 26 күн артық ыстықты басынан өткерді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Climate Central, Қызыл Жарты Ай Климат орталығы және World Weather Attribution сарапшыларының зерттеуіне сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы 12 ай рекордтық деңгейде жылы болды. Мұның басты себебі – жанармай шығыны деп болжануда. Жанармай – ең ластаушы ресурс. Ғалымдардың айтуынша, өткен мамырдан бері әлем халқының 80 пайызға жуығы аптап ыстықты кем дегенде 31 күн артық сезінді. Математикалық климаттық модельдеу мәліметтеріне сүйенсек, жер бетіндегі адамның ықпалынсыз әдеттен тыс ыстық күндердің саны әлдеқайда аз болады екен.

Аномальды ыстық күндердің саны географиялық тұрғыдан өзгереді. Бұл кей жерлерде 2-3 аптаға, ал Колумбияда, Руандада және Индонезияда 120 күнге дейін сәйкес келеді.

Баяндама авторлары белгілі бір жердегі күндердің температурасын сараптаған. Егер температура 1991 және Зерттеуде 2020 жылдар аралығында тіркелген тәуліктік температураның 90 пайызынан асса, өте аномалиялық деп тіркелген.

Ыстық күндер кейбір жерлерде адам өліміне, инфрақұрылым мен өнеркәсіпке зақым келтірген. Соңғы бір жылда зерттеушілер Антарктидадан тыс континенттердегі 90-ға жуық елде мұндай жағдай бар екені туралы хабарлады.