Bugin

Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Елімізде Құрбан айт мерекесі биыл 17 маусым, дүйсенбіге түсіп тұр, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ораза айттан кейін 70 күн өткенде тойланатын мұсылмандардың қасиетті мерекесі күнтізбесінде қызылмен белгіленген. Биыл қазақстандықтар 15, 16 (сенбі-жексенбі) және 17 маусымда қатарынан 3 күн демалады.

Құрбан айттың алғашқы таңында еліміздегі барлық мешітте Айт намазы оқылады. Айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы бар мұсылмандар құрбан шалуы қажет.