Bugin
Фото: gov.kz
Бас прокуратура алаяқтыққа қатысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бас прокуратура мәліметінше, мессенджерлерде прокуратура органдары басшылығының фотосуреттері бар жалған аккаунттар құру және алаяқтық әрекеттер белгілері бар хабарламалар жіберу жиілеп кеткен.
"Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды бейтаныс аккаунттарға сенбеуге және күмәнді сілтемелерге кірмеуге шақырады. Күдікті қоңыраулар немесе хабарламалар алған кезде құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.