Bugin

Әйел адам қызын зорлады деп айыпталғандарды ақтауды сұрайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: yandex.kz

Оралда бес адам жабылып, кішкентай қызды зорлады деп айыпталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Өзге де жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқи аласыз.

Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі соты хабарлады. Көлік ұрлап, 12 жастағы қызды зорлады деп айыпталғандарға сот үкімі шықты.

Сот 2023 жылдың 23 мамырында сотталушы бес азаматтың бірі "Лада" автокөлігінің заңсыз иемденгенін анықтады. Қылмыскер бір аптадан кейін ол Hyundai автокөлігін есігін бұзып, көліктің ішіндегі ақшаны ұрлап, иесіне 1 миллион теңгеден астам шығын келтіргені де анықталған. Бірнеше уақыт өткеннен соң айыпталушы топ кәмелетке толмаған қызды да  зорлаған көрінеді.

"Сотталушылардың кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген айғақтарымен, жәбірленушілер мен куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау, беттестіру хаттамалары, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде кәмелетке толмағандардан жауап алу хаттамаларымен дәлелденді", – делінген сот мәліметінде.

Жәбірленушілерге қатысты үкім шықты. 

Алайда зорланды деп танылған 12 жастағы қыздың анасы сотталушыларды ақтауды сұрап отыр. Себебі ол өз қызының өтірік айтқанын, зорланбағанын айтқан.