Bugin

Танымал тележүргізуші “Balapan” арнасына қатысты тосын ұсынысын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Данияр Есен парақшасынан

Танымал тележүргізуші Данияр Есен "Balapan" телеарнасын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Продюсер әрі журналист арнаның бұрынғы басшыларының бәрі тек әйелдер болғанына назар аударды.

"Balapan" арнасын осы уақытқа дейін тек хатун-қызлар басқарыпты: Жанар Шәмел, Ләйла Сұлтанқызы, Мақпал Жұмабай, Қымбат Досжан, Индира Тұрсынбай. Әрине, әрқайсысының өз орны бар. Бірақ, неге еліміздегі жалғыз балалар арнасын тек әйелдер басқарған? Сонда ер азаматтардың бала тәрбиесіне қатысы жоқ па? Онсыз да білім саласында - әйелдер, бала жүрген жердің бәрінде - әйел. Бала тәрбиесіне жауапты болып, отбасын сүттей ұйытып отырған қаншама әке бар", - деп жазды ол.

Жазба авторы "Balapan" телеарнасын басқаруға қабілетті екенін де атап өтті.

"Маған “Қазақтың Шалва Аманашвилиі” деп ат қойып алыпты. Мақтанғаным емес, бала тәрбиесіне атсалысып жүрген аз ғана Әкенің бірімін. “Әкелер Одағы” төрағасының орынбасары болдым. Баланың тілін мен сияқты түсінетін әке аз. “Балапан” телеарнасын басқаруға менің қабілетім де, білімім де жетеді. “Қазақстан” телерадиокорпорациясына бөтен емеспін. 20 жылым осы корпорацияда өтті. Осы уақытқа дейін басшылық қызметтерге менің кандидатурам қаралғанда, “Даниярдың мінезі жұмсақ” - деп айтады екен. Мәселе жұмсақтықта емес, біліктілікте деп білемін. Оның үстіне, агрессия қаптаған біздің қоғамда жетіспей тұрғаны - сол гуманизм мен кәсібилік емес пе? Идея көп. Нағыз тау қопаратын жастамын. Керемет контент ұсынар едім", - деді Данияр Есен