Bugin

Ыстық, бұршақ, тұман: 10 маусымға арналған ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay

Елімізде ауа райы тұрақсыз болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ұлытау облысында күндіз ауа температурасы 35-38 градус дейін көтеріледі. Ал Қарағанды облысында керісінше, найзағай болжанған.

Ақмолада қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Түркістан облысында күндіз ауа температурасы 40 градусөа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады деп күтілуде.

Павлодар облысында күн бұзылып, қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Ал еліміздің шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтілуде.

Абай облысында да найзағай болжанған. Алайда облыста 35 градус қатты ыстық болады деп болжанған. 

Қызылорда облысында күн райы 40-43 градус қатты ыстық болса, Жамбыл облысында найзағай болады.

Ақтөбе облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Атырауда облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Елордада жаңбыр мен найзағай болжанған.