ДЕНСАУЛЫҚ
Фото: depositphotos.com
Жаз айларында пластик бөтелкедегі суға сұраныс жоғары болады. Дегенмен шөл қандырар бұл судың ағзаға тигізер зиянын гастроэнтеролог Рүстем Садықов айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі doctorpiter.ru сайтына сілтеме жаса хабарлайды.
Рүстем Садықов пластик бөтелкедегі судың құрамын ультракүлгін сәуле өзгертіп, тұтынуға жарамсыз етеді деген пікірін айтты.
Күн сәулесінің әсерінен бактериялар суда тез көбейіп, оның иісі мен дәмі өзгереді. Бұл процес әсіресе пластик бөтелкеде жылдам болады.
Тіпті барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, өндіріс кезінде құйылған су күннің астында нашарлауы мүмкін. Ал ағын суды бөтелкеге өзіңіз құйсаңыз, ерекше сақ болу керек.
"Азық-түлік және химиялық токсикология" журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, "бөтелкедегі суға күн сәулесі арқылы ауыр металдар түседі. Осылайша судың сапасын нашарлайды.
Жұмыс авторлары күн көзінде 26-30°С температурада сақталатын пластик бөтелкелердегі судың құрамын зерттеген.
Ғалымдар:
"Бөтелкеге құйылған судың барлық маркаларының денсаулыққа қауіптілігін бағалау кезінде байқады. Хром, кадмий, қорғасын, мышьяк және никельдің ықтимал уыттылығын анықтады. Хром, мышьяк және никельдің канцерогендік қаупі қатерлі ісік ауруын қалыптастырады", - деп қорытынды жасаған.
Күн астында қалған судың микробиологиялық көрсеткіштері де стандартқа сәйкес келмейді. Сонымен қатар зерттеу көрсеткендей, жоғары температураға ұшыраған кезде пластикалық бөтелкелер ыдырауға бейім, яғни пластикалық бөлшектер суға түседі.
Судан уланбас үшін Рүстем Садықов дұрыс ыдыс таңдауға кеңес береді. Негізінен ыдыстың пластиктан жасалмағаны жақсы. Маман арнайы термос пайдалануға кеңес береді.
Гастроэнтеролог:
"Пластикалық бөтелкедегі суды күн көзінде 2-3 сағаттан артық қалдырмаңыз. Бөтелкені салқын жерге, мысалы, тоңазытқышқа қойған дұрыс. Пикникте суды термосөмкеде немесе портативті салқындатқышта сақтаңыз, сонда оның құрамы өзгермейді", - дейді.