Bugin
Фото: freepik.com
Украинаның денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары Михаил Загрийчук пен тағы 10 дәрігер ұсталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lb.ua басылымына сілтеме жасап.
Оларға қатысты "дәрменсіз күйдегі және құқық бұзушыларға тәуелді адамдардың анатомиялық материалдарын заңсыз алу және оларды одан әрі трансплантациялау" бабы бойынша іс қозғалды.
Загрийчук 2019 жылдың тамызынан 2020 жылдың наурызына дейінгі аралықта министр Зоряна Скалецкаяның орынбасары болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта ол Жүрек институтында іш қуысы органдарын трансплантациялау және хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.
Сонымен қатар бұл іс бойынша Жүрек институтының, Волын облыстық клиникалық ауруханасының және Киевтің орталық қалалық клиникалық ауруханасының тағы 10 дәрігері ұсталғаны белгілі болды.