Bugin

Көршісін зорлап келген 19 жастағы жігітке қатысты үкім шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: medicalbusinesschool.com

Шымкентте көршісін бірнеше жыл бойы зорлап келген адам сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

19 жастағы тұрғын көршінің баласына сексуалдық сипатта зорлық көрсеткені анықталған.

Шымкент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық сот отырысын өткізді. Отырыс барысында сотталушы И-ге қатысты қылмыстық істі қарады. 

Сот мәліметінше, И. 2023 жылғы қазанның аяғында 2013 жылы туған кәмелетке толмаған М-ның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оған қарсы бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасапты. Заңды өкілдің айғақтары, сотталушының соталды тергеп-тексеру барысында берген мойындаулары ескерілген.

Прокурор судьядан ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

"Кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілі және оның адвокаты прокурордың ұстанымымен келісті. Қорғаушы тарап ақтау үкімін шығаруды сұрады", - деді Шымкент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметі.

Сотталушы 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.