Bugin

Құрбан айттың бірінші күнінде елімізде қанша мал сойылған?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: muftyat.kz

Құрбан айттың алғашқы күні, яғни, 16 маусымдағы мәлімет бойынша республика көлемінде жалпы саны 20 236 мал құрбандыққа шалынған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ҚМДБ ресми ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚМДБ мәліметінше, құрбандық малына 1 788 тапсырыс qurban2024.kz сайты арқылы берілген. Тарқатып айтсақ, қой – 17 327, ешкі – 1 597, ірі қара – 1 307, түйе – 5.

Барлық мәліметті жинақтап айтқанда, еліміз бойынша 62 561 отбасыға, 136 мекемеге құрбандық еті таратылды.

Еске сала кетейік, онлайн форматта құрбан шалуға qurban2024.kz сайты арқылы тапсырыс беру бүгін және ертең де жалғасады.