Bugin

Алапат өрт салдарынан 1200 адам баспанасынан айырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: aa.com.tr

Америкада Лос-Анджелеске (Калифорния) жақын жерде орман өрті тез таралуына байланысты 1200-ге жуық адам эвакуацияланды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі aa.com.tr сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Калифорнияның өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, Лос-Анджелес маңындағы орман өрттері 4852 гектардан астам аумаққа тарады.

Хабарда айтылғандай, өрттен зардап шеккен тұрғын үйлердегі 1200 адам эвакуацияланған. Жалын шарпыған аумаққа өрт сөндіру бригадалары жеткен.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Лос-Анджелестегі Ұлттық ауа райы қызметі қатты жел мен ылғалдылыққа байланысты қызыл деңгейлі ескерту жариялады.