Bugin
Фото: Бейнеден алынған
Қоғам қайраткері Арман Шораев Астанада әйел сабады деген күдікке ілінгенін Астана полицейлері растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz-ке сілтеп.
"Денсаулыққа зақым келтіру фактісі бойынша А.Ш. серіктесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталуда", - делінген ПД хабарламасында.
Видео жариялаған сәтте журналист Михаил Козачков көшенің қақ ортасында әйелді ұрып жатқан ер адамның видеосын жариялаған еді. Ол бейнежазба астындағы пікірге ер адамның белгілі қоғам қайраткері Арман Шораев екенін де алға тартқан болатын. Алайда қоғам қайраткері жалған ақпарат таратпауды сұраған.
Шораевтың өзі Facebook желісіндегі парақшасында "жасанды интеллектің құрбаны болғанын" және журналистке қарсы жалған ақпарат таратқаны үшін арыз түсіретінін мәлімдеді.