Bugin
Фото: qyzyljarnews.kz
Солтүстік Қазақстанда ең төменгі режимдегі колониядан қылмыскер қашып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Qyzyljarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Колония Ольшанка ауылында орналасқан. Ол жақтан 38 жастағы сотталушы қашып шыққан. Қашқын қылмыскер көлік ұрлау және ұрлық үшін үш рет істі болған, ол екінші рет жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтегені анықталып отыр.
"2022 жылдың маусым айында шөп шабатын тракторды, сонымен қатар ауыл тұрғындарының түрлі металл бұйымдары мен жүк көлігін ұрлағаны үшін 4,5 жылға сотталды. Осы жылдың 8 сәуіріне дейін жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп, кейін ең төменгі режимдегі колонияға ауыстырылған көрінеді", - делінген ақпаратта.