Bugin
Фото: "Вечерняя Караганда"
Қарағандылық журналист із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Вечерняя Караганда" журналист Максим Объедковтың 17 маусымда жоғалып кеткенін хабарлап отыр. Ол Дүйсембекова 61 мекенжайында орналасқан үйінен шығып, әлі күнге дейін оралмаған.
Журналистке тән белгілер: бойы 189 см, арықтау келген, шашы қара, көзі қоңыр.
Үйінен шыққан күні сұр джинсы, көк кроссовка және қара кепкамен кеткен.