Bugin
Фото: ҚР ТЖМ
Елордада "Rixos Khan Shatyr Residences" тұрғын үй кешені өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран 37/9 мекенжайына келген.
"Нақтыланған мәлімет бойынша ғимараттың сыртқы қаптамасы жанып жатыр. Оқиға орнында өрт сөндірушілер 3 ранг бойынша жұмыс істеуде. 16 бірлік техника мен 72 адам жұмылдырылған", - делінген хабарламада.
ТЖМ құтқарушылары 8 адамды эвакуациялады.