Bugin

Зауыттағы алапат өрттен 20 адам тірідей өртеніп қаза тапты (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Yonhap агенттігі

Оңтүстік Кореяның Хвасон қаласындағы литий аккумулятор зауытында шыққан өрттен кейін шамамен 20 адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Yonhap агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қайтыс болғандар арасында шетелдіктер, соның ішінде Қытай азаматтары бар деп болжануда.

Aricell зауытында өрт жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 10.30-да  басталған. Өрт сөндірушілер өртті жергілікті уақыт бойынша сағат 15.10-да ауыздықтап, ғимарат ішіне кірген.

Мамандар өрт кезінде батареялардың жарылуы өрттің таралуына себеп болғанын айтады. Төтенше жағдайлар қызметінің жұмысы осы факторға байланысты қиындаған.  Зауытта 35 мыңға жуық аккумулятор болған.

Оқиға видеосын мына сілтемеден көре аласыздар.