Bugin

“Балалық шағым жоқ”: Бойжеткен өз ағасынан қорлық көргенін мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға бейтаныс бойжеткен хат жолдаған. Ол өзінің жастық шағын еске алғысы келмейтінін жазды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Адвокатқа бойжеткен жастық шағында ағасынан қорлық көргенін жазған. Ағасы әскерге кеткенде ғана жүрегі тыныштық тауыпты.

"Маған 5 жасымнан ағам тиісетін. Ешкімге айта алмадым. Түнде ұйықтайтын кезде қасыма жатып алатын. Әр жерімді сипалап жататын. Ол менің балалық шағымды бүлдірді. Тек 2 жыл әскерге кеткенде ғана тыныш ұйықтадым",- дейді ол.

Бойжеткен балалық шағын сағынбайтынын, еске алғысы келмейтінін де жазған.