Bugin
Фото: freepik.com
Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасына жантүршігерлік оқиғаны жариялады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Адвокатқа 42 жастағы әйел хат жолдаған. Әйел 6 жасында туысқан ағасынан зорлық көргенін жазған.
"Ата-анам қырда болғаннан кейін, мені қалаға оқуға жіберді. Ол үйде шал мен кемпір, 1965 жылғы жігіт жүретін. Сол жігіт мені 6 жастан 11 жасыма дейін зорлап келді. Ешкімге ештеңе айта алмадым. Қорықтым", - делінген хатта.
Хатта бұл оқиғадан бөлек, ер адамның тағы бір қызды зорлағаны жазылған.
"Ол өзінен 10 жас кіші инвалид қызды зорлаған. Қыз жүкті болып қалды. Айқай-шумен сол қызға үйленді. Одан кейін маған тиіскен жоқ", - дейді әйел.
42 жастағы әйел жас кезінде қорлық көргеннен кейін, ер адамдардан қорқып қалғанын жазды.