Bugin

“Қажылық көмектеспейді”: Заңгер танымал әншінің қызының заңсыз ісін әшкереледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: коллаж/ Bugin.kz

Заңгер Нұрсұлтан Орынбеков танымал әншінің қыздарын сынады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Нұрсұлтан Орынбеков өзінің инстаграм парақшасында шоу-бизнес өкілі Абай Бегейдің қызы Ерке Ниязқұлова алаяқтықпен айналысып жүргенін айтты. Заңгер блогерді "заңсыз лотерея ойнатты" деп айыптады. 

"Халықты алдауды қою керек. Біріншіден бұл заңға қайшы. Екіншіден моральдық тұрғыда ұят болу керек. 100-200 теңге жерге де түсіп қалып жатыр деп елді алдау өте төмен тірлік. Мыңдаған адам ақша аударған жерде арнайы автоматтандырылған жүйе болмаған соң берекетсіз дүние орын алып жатыр екен. 1000 адам қатысып 5 адамға ұтыс беру деген таза алдау", - деп жазды заңгер. 

Нұрсұлтан Орынбеков Ерке Ниязқұлованың заңсыз ісі сотқа кеткенін хабарлады.